Күдікті ізін суытпай ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қала тұрғыны бірнеше күн бұрын интернетте танысқан жас жігіт оған тосынсый уәде етіп, көзін байлап, пәтерге алдап кіргізгенін айтты. Содан кейін қыздың қолын байлап, ас үй пышағымен қорқытып, оны онлайн шағын несиеге өтініш беруге мәжбүрлеген. Қаскүнем ақшаны дереу есепшотына аудартып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жігіт бірнеше сағаттың ішінде қаладағы Арбатта ұсталды. Ол жақында ғана мегаполиске ақша табу мақсатында келген Орал қаласының тұрғыны болып шықты.
Күдікті УҰИ-ға қамалды.