Қазақстанның жеті аймағында дауылды ескерту жарияланды, тағы үш қалада екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар тууы мүмкін, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Түнде Павлодар облысының басым бөлігінде сақылдаған аяз болып, сынап бағаны -37, -42 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.
Маңғыстау облысының шығысында, орталығында, батысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде сақылдаған сары аяз болады, сынап бағаны -35, -40 градусқа дейін төмендейді деп болжанады. Түнде Петропавлда да аяз болады: -36...-38°C.
Түнде Ақмола облысында сынап бағаны -40°C көрсетеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Алакөл ауданында, облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
8 желтоқсанда сағат 21:00-ден 9 желтоқсанда сағат 21:00-ге дейін Семей қаласы бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту жарияланды.
8 желтоқсанда сағат 21:00-ден 9 желтоқсандағы 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту жарияланды.