6 сағат тоқтап тұрды: Алматыдан Оралға шыққан пойыздан ақау шықты

Алматы-2 – Орал бағытындағы №51 "Тальго" жолаушылар пойызынан техникалық ақау шықты.

Осыған байланысты аталған пойыз сағат 20.35-тен 02.13-ке дейін Тобыл стансасында тоқтап тұрды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз ақауы жойылғаннан кейін сағат 02.13-те Тобыл стансасынан Оралға 6 сағат 05 минут кешігіп жөнелтілді.

"Орал стансасына 6 сағат кешігіп келуі мүмкін. Пойыз тоқтаған кезде жолаушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді", – деп жазды компаниядан.

Ведомство келтірілген қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігімен жолаушыларды жүгімен тасымалдау қағидаларына сәйкес, ақшаны қайтару және жолаушыларға өтемақы төлеу шаралары қолданылады.