Жас шахматшылар бәсекеге түсті

Шахматтық турнир – спорттық ойын ғана емес, нағыз интеллектуалдық жарыс.

8 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласындағы Медеу аудандық білім бөлімінің қолдауымен №77 мектепте 5-6 және 7-8 -сынып оқушылары арасында шахматтан турнир өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Медеу ауданының барлық ойыншылары алдымен салтанатты жиынға қатысты.

Ойын барысында қатысушылар арасында шахмат ойынының керемет комбинациялық шеберліктері көрсетілді. Ең үздік, мықты деген шахматшылар мәреге шықты. 5-6 және 7-8-сынып оқушыларынан 6 қатысушы жеңімпаз атанды.

Ойын соңында олар түрлі дәрежедегі халықаралық жарыстардың жеңімпазы  Дінмұхамед Төлендиновпен бір  уақытта ойын өткізді.

Шахматтық турнир – спорттық ойын ғана емес, нағыз интеллектуалдық көрініс. Ол шахматшыларды біріктіріп қана қоймай, ойынның нағыз бағалаушы одағын құрады.