Терезені сындырған: Ақтөбедегі бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз іздестірілуде

Бұл туралы 8 желтоқсан күні аймақтағы полицияға "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі мәлімдеген.

Дерекке қарағанда, сол күні сағат 23.00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткен, – деп жазады Aikyn.kz. 

Олар:

Мырзакенова Манар Абайқызы – 05.06.2006 жылы туған. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара.

Тезекбаева Амина Иманқұлқызы – 14.03.2006 жылы туған. Бойы 165 см, дене бітімі арық. Шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар.

Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы – 01.10.2006 жылы туған. Сұры түсті спорттық киім киген.

Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер жұмылдырылды.

Полиция кәмелетке толмағандардың қайда жүргенін білетін азаматтардан "102" немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңырау шалуды сұрады.