Биылғы қазан айында 46 адам қаза тауып, 28 кенші жарақат алған Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Бас прокуратураның арнайы прокурорлары қолға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл іске ІІМ, ҚМА, ТЖМ және Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері де атсалысуда.
Жарылыс бастапқыда №48К3-батыс лава көмір өндіру учаскесінде К2 астындағы көмір қабатынан шығатын метан-ауа қоспасының орналасуынан болғаны анықталды.
"Бұл жарылыс шахта өндірісіндегі көмір шаңының кезең-кезеңмен жарылыстарына әкелген, себебі оның концентрациясы рұқсат етілген нормалардан айтарлықтай жоғары болған. Тергеу барысында қайғылы оқиғаға шахтаны пайдалану кезінде өндірістік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ еңбекті қорғау ережелерін көптеген бұзушылықтарға жол берілуі тікелей байланысты екені анықталды", – делінген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта көмір өндіру кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпеді деген күдікпен Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі ("Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша қылмыстық жауапкершілікке 7 адамнан тұратын шахтаның басшылығы мен инженерлік-техникалық құрамы тартылуда.