Қазақстан азаматтары Ыстықкөлге демалуға барып, қар құрсауында қалып қойды

Олар ауа райы жақсарғанша Қаракөлде болады.

Қырғыз елінің Ыстықкөл облысында қазақстандық туристер мінген көлік қар құрсауында қалып қойды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сол елдің Төтенше жағдайлар министрлігі жазғандай, құтқарушылар Қазақстан азаматтарын қар көшкінінен құтқарып қалған. 

«Мәліметтерге сәйкес, көліктегі 5 адамнан тұратын отбасы мүшелері Қазақстанның азаматтары болып шықты. Олар Қаракөл тау шаңғысы курортына демалуға келген», деп жазды ведомстводан. 

Қырғыз Республикасы ТЖМ Тау-құтқару жұмыстары қызметінің 7-жеке мобильді тау-кен-құтқару взводының 4 құтқарушысы, сондай-ақ Ақ-Суу аудандық бөлімінен 2 құтқарушысы шұғыл түрде оқиға орнына барған. Олар құтқару көлігінің көмегімен тұрып қалған көлікті шығарып алған.

Қазір  туристердің жағдайы қалыпты. Олар ауа райы жақсарғанша Қаракөлде болады.