Елордада екі аптаға жетпейтін уақыт ішінде 14 көлік өртке оранды

Ауа райына байланысты қалада істен шыққан көлік саны артқан.

Астана қаласында 14 көлік өртке оранған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күн суытуына байланысты қалада істен шыққан көлік саны артқан.

«Астанада 11 күн ішінде 14 өртеніп жанып кетті. Күннің суытуына байланысты автокөліктердің істен шығуы және өртенуі жиілеп отыр. Көбіне автокөліктер электрмен қамтудың жетіспеушілігінен болып жатыр. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігін сақтамау да себеп. Елорданың полиция қызметі сақ болуға шақырады», – деп жазды жол сақшылары.