ТҮРКСОЙ үздік журналистерге «Баспасөз марапатын» табыстады. Бұл туралы Aikyn.kz Turksoy-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл Шуша түркі әлемінің мәдени астанасы болды. Соған орай салтанатты іс-шарада ТҮРКСОЙ-дың «Баспасөз марапаты» түбі бір түркінің 9 елінен келген 16 БАҚ өкіліне табысталды.
AIQYN республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы Амангелді Құрмет үздік атанды.
Сонымен қатар «Хабар24» арнасының тілшісі Меруерт Памбетова да марапатталды.
Айта кетейік, ТҮРКСОЙ-дың «Баспасөз марапаты» түркі мәдениетін, тарихын халықаралық деңгейде насихаттаған азаматтарға беріледі.