Ауа райының бұзылуына (ауа температурасының төмендеуі, боран) байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 61 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы обылысында – 1 учаске:
1. «Алматы-Шелек-Хоргос» 24-254 шақырым. Арман АЖБ – Айдарлы а.ж.
(көліктің барлық түріне)
Ақмола облысында - 20 учаске:
Барлық бағыттар бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)
Ақтөбе облысында – 1 учаске:
1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 0-234 шақырым, Қарабұтақ ауылынан- Қостанай облысының шекарасына дейін.
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)
Жетісу облысында - 3 учаске:
1. «Үшарал-Достық» 84-184 шақырым, Көктұма ст.- Достық ст.;
2. «Сарыөзек-Көктал» 45-68 шақырым, (Алтын Емел);
(автокөліктің барлық түріне)
3. «Алматы-Өскемен» 124-558 шақырым, Жоламан а.-Үшарал қ.
(барлық жүк автокөліктеріне)
Жамбыл обласында - 3 учаске:
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 шақырым, Айша-Бибі а.-Түркістан облысының шекарасына дейін;
2. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 шақырым, Кенен а.- Кайнар а.
3. «Мерке-Шу-Бурылбайтал» 124-558 шақырым, Жоламан а.-Үшарал қ.
(жүк автокөліктеріне)
Қарағанды облысында - 7 учаске:
Барлық бағыттар бойынша
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)
Қостанай облысында - 7 учаске:
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)
Маңғыстау облысында – 1 учаске:
1. «Ақтау-Құрық» 13-72 шақырым, Ақтау қ.-Құрық а.
(барлық автокөліктер үшін)
Павлодар облысында – 2 учаске:
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)
Солтүстік Қазақастан облысында – 14 учаске:
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)
Туркістан облысында – 1 учаске:
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 шақырым, Жамбыл обл.-Машат а.
(жүк автокөліктеріне)
Ұлытау облысында – 1 учаске:
1. «Қызылорда-Павлодар» 756-788 шақырым, Жаңаарқа шекарасы- Қарағанды обл. шекарасы
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін).
Республикалық маңызы бар автожолдарда 527 бірлік техника мен 1273 қызметкер жұмылдырылды. 626 м3 көктайғаққа қарсы материал қолданылды.