Міне, соның салдарынан елімізде шетелдік банктер көбеюі мүмкін. Себебі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі инвесторлар үшін Қазақстан нарығына кіру талаптарын барынша жеңілдетіп жатыр. Яғни, банк ашуға қажетті құжаттарды рәсімдеу, рұқсат алу секілді процестер оңтайландырылады.
Агенттік өкілдерінің айтуынша, бұл бәсекелестікті арттырып, корпаративтік несиелеу саласын жетілдіре түседі, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.
Қазірдің өзінде Таяу Шығыс, оңтүстік Азия, Еуропа мен ТМД елдерінен Қазақстанда банк ашуға қызығушылық танытып отырған инвесторлар бар. Әзірге елімізде екінші деңгейлі шетелдік еншілес 7 банк жұмыс істеп жатыр.