Елімізде бір аптада 2,5 мың адам қызылша жұқтырған

Соңғы аптада вирусты 2 546 адам жұқтырған екен.

Қазақстанда қызылша дерті дендеп барады. Соңғы аптада вирусты 2 546 адам жұқтырған. Соңғы тәулікте 342 жағдай тіркелген екен. 

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының хабарлауынша, жалпы жыл басынан бері ауырғандар саны 22 мыңнан асты.

Оның басым бөлігі, яғни, 80 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Ауру өршігелі екпе егу жұмыстары да қыза түсті. 330 мыңдай адамға вакцина салынған.