Актер Азамат Сатыбалдының анасы қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың артисі Азамат Сатыбалдының анасы – Орынкүл Махатқызы Сұраппаева өмірден өтті.

Актер Азамат Сатыбалдының анасы өмірден өтті, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры хабарлады.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың артисі Азамат Сатыбалдының анасы –  Орынкүл Махатқызы Сұраппаева өмірден өтті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы марқұмның отбасы және жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", – делінген хабарламада.