11 өңірдегі республикалық маңызы бар жолдар жабылды

11 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 65 учаскесінде көлік қозғалысы үшін шектеу енгізілді.

2023 жылғы 12 желтоқсан сағат 18.00-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райына (ауа температурасының төмендеуі, қарлы боран, көрінудің төменгі көрсеткіші) байланысты 11 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 65 учаскесінде көлік қозғалысы үшін шектеу енгізілді, – деп  хабарлайды Aikyn.kz "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында – 20 учаске.

Барлық бағыт бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Ақтөбе облысында – 1 учаске.

"Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 0-234-шақырым, Қарабұтақ а.-Қостанай облысы шекарасы

Алматы облысында – 4 учаске.

Жетісу облысында – 1 учаске.

"Үшарал-Достық" 84-184-шақырым, Көктұма ст.-Достық ст.; (барлық автокөлік үшін)

Жамбыл облысында – 6 учаске.

Барлық бағыт бойынша (дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Қарағанды облысында – 7 учаске.

Барлық бағыт бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Қостанай облысында – 7 учаске (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін).

Маңғыстау облысында – 2 учаске (барлық автокөлік үшін),

Павлодар облысында– 2 учаске (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін).

Солтүстік Қазақстан облысында – 14 учаске (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін).

Түркістан облысында – 1 учаске

"Алматы-Ташкент-Термез" 593-652-шақырым, Жамбыл обл. шек.-Машат а. (жүк автокөліктері үшін)

Ұлытау облысында – 1 учаске

"Қызылорда-Павлодар" 756-788-шақырым, Жаңаарқа а.- Қарағанды облысының шекарасы (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін).

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 451 бірлік техника мен 907 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 1 108 текше метр көктайғаққа қарсы материал жұмсалды.