Шымкентте ер адамның көлікте есірткі иіскеп отырған сәті камераға түсіп қалған

Ер жігіт синтетикалық есірткі салынған ораманы көлік есігінің қалтасына жасырып үлгерген.

Шымкенттік полицейлер жедел басқару камералары арқылы «ұнтақ» иіскеп отырған жігітті ұстады,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Патрульдік полиция қызметкерлеріне күдікті өзінде тыйым салынған заттың болғанын мойындамаған. Ал, тексеру барысында тәртіп сақшылары жарты грамм мефедрон тәркіледі.

Ер жігіт синтетикалық есірткі салынған ораманы көлік есігінің қалтасына жасырып үлгерген.

«Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚК-тің 296-бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Құқық қорғау қызметкерлері есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет заңмен қудаланатынын және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді», - делінген хабарламада.