Елордада екінші ауысым оқушылары да қашықтан оқитын болды

Астана қаласының Білім басқармасы 13 желтоқсан күні қолайсыз ауа райына байланысты екінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылатынын мәлімдеді.

Астанада екінші ауысым оқушылары да онлайн оқиды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Астана қаласының Білім басқармасы 13 желтоқсан күні қолайсыз ауа райына байланысты екінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылатынын мәлімдеді.  

Еске сала кетейік, бүгін таңғы ауысымдағы 0-11-сынып оқушылары да қашықтан оқуға ауыстырылды.