"Тақиялы періште" фильмі ағылшын тіліне аударылды

Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмі 1968 жылы жарыққа шыққан.

Қазақ киносының бірнеше классикалық туындысы ағылшын тіліне аударылып, дыбысталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында АҚШ елшілігінің қызметкерлері классикалық қазақ көркем фильмдерімен танысып, оларды ағылшын тіліне аударып көргісі келді. Сүйікті фильмдеріңіздің ағылшын тіліндегі толық нұсқасын көрер ме едіңіздер?", –  делінген жазбада.

Ағылшынша аудармада: 

Тайлақ –  Lucas

Биші қыз –   Lola

Сырлыбай би –  Colin

Ермек Серкебаев –  Johnibek

Орал –  Chris

Дыбысталған туындылары:

"Тақиялы періште"

"Қыз Жібек"

”Махаббат бекеті”.