Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

19 желтоқсаннан бастап мемлекеттік корпорациялар әдеттегідей жұмыс істейді.

Тәуелсіздік мерекесінде еліміз бойынша ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың  қалай жұмыс істейтіні  белгілі болды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

 

«Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі хабарлағандай, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары сенбі күні демалады.

«Тәуелсіздік мерекесіне орай мемлекеттік корпорациялар сенбі, яғни 16 желтоқсанда жұмыс істемейді. Дүйсенбі, 18 желтоқсанда, сағат 13.00-ге дейін тек кезекші қызмет көрсету орталықтары мен арнайы қызмет көрсету орталықтары азаматтарды қабылдайды», – делінген хабарламада.

Сейсенбі, яғни 19 желтоқсаннан бастап мемлекеттік корпорация әдеттегідей жұмыс істейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» орталықтары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайтынын еске салды.

Кезекшілік қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.