Атырау облысына қарасты Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны жүктіліктің 36-аптасында көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Ақ жайық» басылымына сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас 5 желтоқсанда «жедел фарингит» диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның артында бір жасар баласы қалды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.