"О дүниеге барып келдім": әнші Құдайберген Бекіш басынан өткен ауыр жағдай туралы айтты

Өнер иесі қатты сырқаттанып, өлім аузынан аман қалған.

Қазақстандық эстрада жұлдызы Құдайберген Бекіш пандемия кезінде басынан ауыр жағдай өткенін айтып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі қатты сырқаттанып, өлім аузынан аман қалған, – деп хабарлайды  Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Құдайберген Бекіш коронавирус шарықтап тұрған кезде қатты ауырып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Бұл туралы әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты. Өнер иесі өзін өлім аузынан аман алып қалған дәрігерлерге алғысын білдірді.

"2021 жылы коронавирус кезінде қатты ауырдым. Бұл сырымды айтпап едім. Ауырып, о дүниеге барып келдім. Маған "қайтпайтын шығар" деп айтты. Бірақ әуелі Алла, сосын ақ халатты абзар жандардың арқасында аман-есен қалдым. Сол кезде өмірдің мәнін білдім. Қайран өмір-ай. Бір кездері таласып жатамыз, бір нәрсе жетпей жатады, ұрсысамыз, керісеміз. Өмір деген өткінші екен ғой. Өмірге деген көзқарасым сол кезде жүз пайызға өзгеріп кетті. Өмір деген бір-ақ рет қана беріледі. Оны бақытты етіп сүру өз қолыңда", – деді Құдайберген Бекіш.