37 жыл бұрын ел тәуелсіздігін көксеп, алаңға шыққан өрімдей қыз-жігіттер арасында болған желтоқсан қаһарманы Күлімхан Өскенбаева дүние салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Желтоқсан қарлығашы желтоқсанның 37-ші таңын бүгін бақилық ғұмырмен қарсы алғанын естіп отырмыз. Желтоқсан көтерілісінің қаһарман қызы Күлімхан Өскенбаевадан (Усканбаева) да айырылып қалдық. 1986 жылы осы күндерде алған жарақаттың соңы 37 жылдан соң өзі әкелген Тәуелсіздік мерекесін, яғни, дәл бүгінгі таңды ажал оғымен қарсы алуға мәжбүрлейді деп кім ойлаған,– деп жазды "Желтоқсан ақиқаты" патриоттық қозғалысының мүшесі Аманғазы Кәріпжан Facebook парақшасында.
Күлімхан Өскенбаева – желтоқсан оқиғасын басынан өткерген жастың бірі, ІІ топтағы мүгедек, "Желтоқсан ақиқаты" патриоттық қозғалысының белсенді мүшесі.