Оқиғаның куәгерлері өрттің Қошмамбет ауылында болғанын, оған электр тогының істен шығуы себеп болуы мүмкін екенін айтады,- деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы облысы Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, 15 желтоқсан күні түнгі сағат 21:47 минутта Қошмамбет ауылы Таң көшесінде үй өртенгені туралы хабарлама түскен.
«Сағат 21:47 минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер Қошмамбет ауылы 34/14 мекенжайда ауданы 9х7 метр болатын тұрғын үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады. Өрт сағат 22:02-де оқшауланып, сағат 22:12-де өрт толықтай сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер болған жоқ», - деп хабарлады Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.