Агробизнеске құятын инвестиция
Агробизнеске құятын инвестиция
188
оқылды
Премьер-Министр Асқар Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары аясында американдық агробизнес өкілдерімен Қазақстанда ет өңдеу кәсіпорындарын және суару жүйелері өндірісін ашу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Үкімет басшысының АҚШ-тағы аса ірі ет өнімдерін өндіруші – Tyson Foods компаниясының басшылығы – президенті Н.Уайтпен және директорлар кеңесінің төрағасы Д.Тайсонмен келіссөзінің қорытындысы бойынша Қазақстанда заманауи агро-мультипротеин индустриясын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат бірінші кезеңде Қазақстанда қуаттылығы тәулігіне 2 мыңға жуық мал басын құрайтын заманауи ет өңдеу кешенін салуды қарастырады. Кәсіпорын қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, өнімді шетел нарықтарына экспорттауға мүмкіндік береді. Осылайша, елдегі жылдық ауыл шаруашылығы кірісін $1 млрд-тан астам қаржымен қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.
– Tyson Foods – Қазақстанға ет өңдеуді дамытуға және фермерлік шаруашылықтардың мал басын арттыруға серпін беруі үшін қажетті тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі компания. Кәсіпорынды ашу ет индустриясының ғана емес, АӨК-тің басқа да шектес салаларын – ветеринарияны, аграрлық машина жасауды, мал азығы дақылдарын өсіруді, мал бордақылау алаңдарын ашуды, т.б. дамуын ынталандыратын болады. Жоба Қазақстанның ауыл шаруашылығында ондаған мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, – деді Асқар Мамин.
Tyson Foods қазақстандық Kusto Group компаниясымен бірлескен жобаны жүзеге асырады. Өндірістік циклде қазақстандық фермерлерге «Экстеншн» американдық қызметінің үлгісі бойынша ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету қолдауы бар. Онда атап айтқанда, кеңес беру, жергілікті жерде кадр біліктілігін арттыру және кәсіптік-техникалық оқыту қарастырылған.    width= Үкімет басшысы Арканзас штатындағы Спрингдейл қаласына және Небраска штатындағы Дакота-Сити қаласына барып, Tyson Foods компаниясының өндірістік қуаттылықтарымен, технологиялық процесімен және ғылыми-зерттеу жобасымен танысты.  Ал Омаха қаласында Премьер-Министр Небраска штатының губернаторы Д.Рикеттспен және суару жүйелері нарығындағы көшбасшы Valmont Industries компаниясының президенті С.Каниевскимен кездесті. Тараптар механикаландырылған суару, телекоммуникациялар, жаңартылатын энергетика, инфрақұрылымдық құрылыс, сондай-ақ аграрлық ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.    width= Келіссөз қорытындысы бойынша, А.Маминнің және П.Рикеттстің қатысуымен Ауыл шаруашылығы министрлігі, Kusto Group қазақстандық компаниясы және Valmont Industries арасында Қазақстанда тиімді суару және ауыл шаруашылығындағы өнімділікті жақсарту қағидаттары туралы Келісімге қол қойылды. Құжат Қазақстанда 2022 жылы қуаттылығы жылына 1 мың машина фронтальді және айналма суаруды құрайтын Valley ирригациялық жүйелерін өндіру зауытын салуды қарастырады. Америкалық ирригация технологиялары өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттырып, ауыл шаруашылығындағы су шығынын 50%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан ары еліміздегі кәсіпорын өндірісін телекоммуникацияларға, жаңартылатын энергия мен инфрақұрылымдық құрылысқа арналған жабдықтар шығаруға дейін кеңейту жоспарланған. Қазақстанда өндірілетін өнім отандық нарық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа экспорттық әлеуетті дамытуға жол ашады. Valmont Industries бас кеңсесін аралау кезінде Үкімет басшысы кәсіпорынның өндірістік қуаттылықтарымен және технологиялық процесімен танысты. – Valmont Industries озық технологияларын пайдалану өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы үшін жемшөп базасын құруда мультипликативті әсер береді, – деп мәлімдеді А.Мамин. Абылайхан ЖҰМАШ