Ақтөбедегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның 11«Б» сынып оқушысы Мейірбек Нұржанов адам өмірін аман алып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мейірбек мектепішілік волейбол үйірмесінен шыққан соң жолай мектеп жанындағы дүкенге соққан. Дүкенде 18 жастағы қыздың есінен танып, құлап бара жатқанын көріп, дереу көмектесуге әрекет жасаған.
Кейін белгілі болғандай қыздың аяқ астынан ұстамасы (эпилепсия) ұстаған. Тілін жұтып бара жатқанын көріп, жедел жәрдем қызметі келгенше алғашқы көмек көрсетеді.
Есін жиған қыздың жақындары Мейірбекке ризашылығын білдірді.
«Мейірбектің бұл мейірімді ісі – көпке үлгі», – деп әкімдік алғыс айтты.