«Семей орманы» табиғи резерватының автопаркі жаңа техникалармен толықты. Орман шаруашылықтарына шағын өрт сөндіру кешені саналатын, жол талғамайтын 14 «УАЗ» автокөлігінің кілті табысталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жазда 63 мың гектар қарағайлы орман отқа оранғанда 20-ға жуық өрт сөндіру машинасы істен шыққан болатын. Сол кезде табиғи резерваттағы көліктердің 40%-тен астамы тозып тұрғаны айтылды. Осы мәселені шешу үшін мемлекеттен 1 миллиард 400 миллион теңге қаржы бөлінген. Орманшыларды көлікпен қамтамасыз ету келер жылы да жалғасады.
– Мына техниканың ерекшелігі, ең бірінші, жылдамдығы. Өрттің 97%-і найзағайдан болады. Найзағай түсе қалғанда жылдам шығып, жылдам өшіруге, сондай қарулармен жабдықталған. Осындай көлік болған. Бірақ өте аз болды. Енді 6 көлік қана болды. Қазір, міне, келіп жатыр, – деді «Семей орманы» табиғи резерваты бас директорының орынбасары Ғани Алпысшалов.