Кардиолог кімдерге моншаға түсуге болмайтынын айтты

Кардиолог Анастасия Фомичева қандай аурумен ауыратындардың моншаға түсуге болмайтынын айтып, оның себебін түсіндірді.

Бұл туралы Massaget.kz хабарлады. Моншаға барып, денсаулығына қауіп төндіретін мыналар:

тері аурулары;

дене қызуы жоғары;

жүктілік;

мас күйде;

ота жасалғаннан кейін (толық емделмейінше);

ревматикалық аурулардың өршуі;

инфаркттан кейінгі кезеңде;

жүрегі не миокардитпен ауыратын науқастарға.

Моншадағы құрғақ ауа гипертермия секілді жүрек-қантамыр жүйесін жаттықтырады, сондықтан сау адам үшін моншаға түсу зиян емес, тіпті пайдалы. Алайда жүрегі ауыратын немесе ауыр тұқым қуалайтын ауруы бар адамдарға алдымен дәрігер кеңесін алу керек.

Маманның айтуынша, моншаға бару-бармауды физикалық белсенділіктің әсерімен салыстырса болады. 

"Егер қатты ыстықтасаңыз, ағза өзі салқындауға тырысады. Ал ол үшін бірінші терлеу керек. Қан тамырлары кеңейеді, қан қысымы төмендейді, жүрек жиырыла бастайды, қан айналымы жылдам айнала бастайды. Ал адам денені босаңсыту үшін қатты ыстықта отырған кезде сау адамның импульсі минутына 140 соққыға дейін артуы мүмкін, бұл кардио жаттығу жасаған кездегі жүректің соғу жылдамдығына тең", – дейді кардиолог. 

Ал жүрегі ауыратын адамдарда миокардтың оттегіге деген қажеттілігі мен оның коронарлық қан ағымымен қамтамасыз етілу деңгейі арасы сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензиясы бар науқастар моншаға баруы үшін бірінші дәрігерге бару керек.