Диетолог дәрігерлер мереке кезінде тағамдарға ерекше сақтықпен қарау керектігін ескертуде. Бұл туралы ferra.expert сайты да өзінің кеңестерін жариялаған. Aikyn.kz жаңажылдық мейрамның көңіл күйге де, денсаулыққа да пайдалы болуын осы кеңестерге сүйеніп көрсетеді.
Енді бірнеше күннен кейін Жаңа жылды қарсы алу мерекесімен бірге қазақтың әрбір үйінде ағыл-тегіл дастарқан жайылатыны белгілі. 4-5 күнге созылатын мейрамда ағзаға артық салмақ салу үшін диетологтер қандай тағамдардың пайдалы, қандай тағамдардан бас тарту қажеттігін түсіндіре бастады. Ең бірінші бұған әртүрлі ысталған ет деликатестері, ысталған балық пен крекер жатады.
Крекерлер, ысталған балық пен етте натрий көп болады. Ал натрий қан қысымын көтереді, инсульт немесе инфаркт ықтималдығын арттырады. Мысалы, ысталған ақсеркенің (лосось) 100 грамында шамамен 700 мг натрий болуы мүмкін. Ал Америка жүрек қауымдастығының ұсынылатын тәуліктік 1 500 мг натрий шегіне жету үшін осы балықтың бар болғаны жеті тілімін жесеңіз жеткілікті екен.
Натрий, сонымен бірге шұжықтар мен гамбургерлерде де кездеседі. Оларды балғын теңіз өнімдерімен, тауық етімен және ақуызға бай ірімшікпен (тофу) ауыстырған пайдалы.
Дәрігерлер Жаңа жылда газдалған және қантты сусындардан бас тартуға кеңес береді. Оның орнына қарапайым газдалған суға құлпынай, насыбайгүл (базилик) сияқты жемістер мен шөптерді қосқан пайдалы.
Алкогольді сусындар мен коктейльдердің орнына газдалған суға аздап ликермен араластырып, жеміс қосқан дұрыс.
Жақында жарияланған ғылыми-зерттеуді газдалған және қантты сусындарды көп тұтынатын адамдарда 2 типті қант диабеті мен қатерлі ісікке шалдығу ықтималдығы жоғары болатынын көрсеткен.
2024 жылды қарсы алу дастарқанының мәзірі қандай болуы керек?
Жаңа жыл жақындаған сайын әйелдер қауымын отбасы мүшелерін қуанту үшін дастарқанға қандай тағамдар қойылуы тиіс деген сұрақ мазалайтыны рас. Шығыстық күнтізбеде Жаңа 2024 жыл жасыл түсті ағаш Айдаһар жылы деп аталады. Биылғы Жаңа жылда дастарқанға дәмді ет тағамдарын дайындауға болады, жаңажылдық тағамдарды жылқы, сиыр, қой етінен, одан да жақсысы – балықтан дайындаған жөн. Мерекелік дастарқанға мүмкіндігінше қарапайым, жеңіл әрі майы аз, табиғи өнімдерден жасалған және химиялық қоспаларсыз тағамдар қойған пайдалы.
Жаңажылдық салаттарға жұмыртқа, өзіміздің ұлтымыз пайдаланатын еттің бірнеше түрі, майонез (майы аз немесе тұздықтар қолданған жөн) қосылуы мүмкін. Балық, ірімшік пен қызыл, қызғылт сары, сары түсті көкөністер биылғы жаңажылдық дастарқанның ажарын ашады.
Әрине, жаңажылдық дастарқанды десертсіз елестету мүмкін емес. Зімбір піспенанын (печенье) немесе кішкентай аң фигуралары түрінде піспенан қоюға болады. Тәтті тағамдарды толықтыратын желе, торттар мен жемістер де дастарқанға керемет көрік береді.
Жаңа жылда отбасы мүшелеріне табиғи шырындар, жеміс-жидек сусындары, сары, қызғылт сары және қызыл түсті морстар мен компоттар ұсынуға болады. Алкогольдік сусындарға келетін болсақ, дәстүрлі аққайнар жаңажылдық көңіл күй жасауға әбден жеткілікті. Ал 2024 жыл отбасыңыз үшін бай-берекелі болсын десек, қымыз бен шұбат, айранды дастарқанға қоюды ұмытпау керек.