Қызылорда қаласында 18 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып, екі күннен бері табылмай жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қызылорда қаласында тұратын 18 жастағы Дариға Рауанқызы Айтөреева 17 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,50-1,55 см, орта денелі, көзі қоңыр түсті, шашы қара түсті. Киімдері: қоңыр түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғына қоңыр түсті аяқкиім киген. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуыңызды сұраймыз», – деп жазылған Қызылорда қалалық Полиция басқармасы таратқан хабарламада.