Ауа райының нашарлауына байланысты (жолды тазалау, қарлы боран, шектеулі көрініс, көктайғақ) 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жамбыл облысында – 1 учаске (79 шақырым)
1. "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж 159-238 шақырым, Кенен а. – Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы) – 79 шақырым;
Жетісу облысында – 2 учаске (223 шақырым)
1. "Үшарал-Достық" а/ж 84-184 шақырым, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 шақырым.;
2 "Алматы-Өскемен" а/ж 287-410 шақырым, Талдықорған қ. -Сарқант қ.
Қызылорда облысында – 1 учаске (289 шақырым)
1. Самара-Шымкент " а/ж 1361-1650 шақырым, Арал қ-Босмандық а. – 289 шақырым;
Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады.
Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 568 техника жұмылдырылды.