Ойын клубында болған: Астанада жоғалған жігіт Алматы маңынан табылды

Ол такси жүргізушісі болған.

Астанада жоғалып кеткен 18 жастағыбозбаланы полицейлер Алматы облысының іргесіндегі Іргелі ауылында орын тепкен ойын клубынан тауып алды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Патриот" ақпарат көзі жазғандай, тәртіп сақшылары барлық бейнекамераны қарап, көптеген куәгерден сұрақ-жауап алған. Жігіт алдымен Астанадан клиентті алып, Қарағандыға барғаны белгілі болды. Содан кейін 18 жастағы такси жүргізушісі Алматыға бет алған. Полицейлер Қарағанды мен Алматы арасында тас жол бойындағы әрбір кафеге, қонақ үйге соққан.

"Жігіт туыстарына қоңырау шалмаған, мұны маңызды деп санамаған. Ал бұл уақытта ата-анасы шарқ ұрып, тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған. Жігіт мінген Chevrolet cobalt көлігі өзінікі емес, ол таксофирмадан жалға алынған. Ол жазаланбайды. Өйткені Қылмыстық кодексте де, Әкімшілік кодексте де "жауапсыздық" пен "бәріне қол сілтегенім бар дегендерге" баптар қарастырылмаған", - делінген жазбада.

Бейнежазбадан оның "Қашып келдім осында" деген сөзін естуге болады.