Тұман, көктайғақ: 21 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

"Қазгидромет" мамандары 21 желтоқсан күні еліміздің басым аймағында қолайсыз ауа райы сақталатынын ескертті,   деп хабарлайды   Aikyn.kz.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с болады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні  18 м/с.

Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман түседі. 

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында  15-20 м\с, екпіні  25 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні   23 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с болады. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с болады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.