«Қазір Ұлттық экономика министрлігі саласында үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жаңа кодекс 2025 жылдан бастап іске асады. Қазір бастапқы баптарын талқылап жүрміз. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі басталады. Бұл үшінші кезеңде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың құрылтайшылары кіріс декларациясын тапсыру керек. Яғни, 1 қаңтардан 15 қыркүйекке дейін тапсырып, бүкіл активтер көрсетілуі тиіс. Тапсыратындардың саны – 3,9 млн адам», – деді Ержан Біржанов.