Әлемнің әр түкпірінен келген дарынды өнер иелерінің басын қосқан бұл байқауға қазақстандық жас өрендермен қатар, АҚШ және Қытай өкілдері қатысты. Лауреаттардың, оның ішінде қазақстандық жеңімпаздардың қорытынды концерті 16 желтоқсанда Вашингтонда өтті. Жеңіс туын желбіреткен «Әлқисса» домбыра студиясының директоры Қанат Сәден: «Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында қазақтың домбырасы бүкіл әлемге шарықтап жатыр. Соның бір айғағы ретінде «Әлқисса» домбыра студиясы келіп, Американың төрінде қазақтың домбырасын күмбірлетіп, балалардың орындауында халыққа деген өздерінің өнерін танытып жатыр. Біз оған өте қуаныштымыз», – деді.
Ал жеңімпаз атанған домбыра студиясының негізін қалаушы Ғалиябану Ерболған Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де домбырада ойнауды үйренуге үлкен қызығушылық бар екенін айтты.