Қарқаралыда 3 адамға қасқыр шапты

Зардап шеккен 3 адам аудандық ауруханаға жүгінді.

Қарқаралыда тұрғын үйлердің ауласына қасқыр кіріп кеткен. Жыртқыш таңнан бері үш адамға шабуылдап, жарақаттаған, –  деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Жыртқыш адамдарға жұмысқа бара жатқанда таңғы сағат 6-да шабуыл жасаған. Қасқырды Қарқаралы көшелерінде жергілікті тұрғындар суретке түсірген. Олардың айтуынша, қаланың шетіндегі көшелерге жабайы жануар орманнан келген. 

Жергілікті ауруханаға үш адам жүгінді.

«Зардап шеккен 3 адам аудандық ауруханаға жүгінді. Барлығы амбулаториялық емделуге жіберілді, жараларды емдеп, өңдеген соң, екпе салынды», –  деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір тиісті органдар жануарды аулаумен айналысып жатыр. 

«Полицейлер ветеринария органдарымен бірлесіп жабайы жануарды жою бойынша шаралар қабылдауда», –  деп хабарлады Қарағанды облысының ПД.