Екпінді жел, тұман, көктайғақ: 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

«Республикамыздың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Екпінді жел соғып, солтүстікте жаяу бұрқасын сақталады.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл аудандарында өте қатты жел тұрып, кей уақыттарда 30 м/с және одан асып түседі», – деп жазды синоптиктер.