ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры болып Манара Адамова тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Адамова Манара Елекенқызы 1969 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Физика мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. Психологиялық-педагогикалық білім беру магистрі. Қайта даярлау курсы – олигофренопедагог мамандығы бойынша "Дефектология", НЗМ ПШО педагогының І озық деңгейі, ECERS-3 шкаласы бойынша сапаны бағалау бойынша сертификатталған сарапшы.
Еңбек жолын 1991 жылы Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Ақтасты ауылының орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1993 жылдан 2010 жылға дейін Қызылорда облысындағы №127 орта мектеп-лицейінің директоры, директордың орынбасары, физика пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарды.
2010-2016 жылдары – Қызылорда облысының №3 Балаларды оңалту орталығының директоры.
2016-2018 жылдары – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының шағын жинақты мектептер орталығының аға ғылыми қызметкері, кейін директоры.
2016-2020 жылдары – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім беру орталығының директоры.
2020-2021 жылдары – "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығының директоры.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Балаларды ерте дамыту институтының директоры қызметін атқарды.