Ертеңнен бастап Қазақстан аумағына ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон жырасы әсер етеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Алдымен ол республиканың батыс аймақтарына, ал 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жаңбыр мен сулы қар, тұман, көктайғақ, солтүстік аймақтарда бұрқасын мен желдің күшеюі күтіледі.
Тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.