Федерация президенті Қуанышбек Бахытбекұлы Есекеевтің жетекшілігімен өткен шараға ұйымның вице-президенттері, ұлттық құрама жаттықтырушылары мен спортшылары, Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрама командаларының бапкерлер құрамы мен спортшылар, ғылыми-кешенді топ өкілдері қатысты.
Биыл дзюдо спортынан үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қатарынан жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері Абиба Абужақынова – 5000$, Мағжан Шамшадин – 3000$, Эсмигүл Куюлова – 3000$, Абылайхан Жұбаназар – 3000$, Нұрлыхан Шархан – 3000$ марапатталып, Жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Жанарыс Рахметқали – 1500$, Талғат Орынбасар –1500$, Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері Нұрлан Исатаев – 1 000 000 тг, Балғабай Досбол – 400 000 тг, Сабина Юлдашбекова – 500 000 тг, Оралбек Байзақ – 400 000 тг, Берікбол Жұманбеков –400 000 тг мөлшеріндегі сертификат тапсырылды.
2023 жылғы спорт маусымында жоғарғы нәтиже көрсеткені үшін Камила Берліқаш пен Ғалия Тынбаева, сондай-ақ бапкерлер құрамы, Нұрбол Сүлейменов пен Ерлан Алпысбаев бастаған Қазақстан ұлттық құрама командаларының бапкерлер қосыны, Қазақстан жастар мен жасөспірімдер құрама командаларының аға жаттықтырушылары, ұлттық құраманың массажист, дәрігерлері, федерация қызметкерлері марапатталды.
Іс-шара соңында Федерация президенті спортшылар мен бапкерлерге, ұжымға алғыс білдіріп, келер Олимпиадалық маусымға сәттілік тіледі.