Айыппұлы 27 миллион теңге: Түркістан облысында қарызы шаш етектен жүргізуші ұсталды

Жүргізушінің жеке деректері анықталып, көлік айыппұл тұрағына жеткізілді.

Түркістан облысында жүргізушінің жол ережесін бұзғаны үшін 27 миллион теңге көлеміндегі өтелмеген айыппұлы бар екені анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Аймақтағы патрульдік полиция қызметкерлері көп мөлшерде өтелмеген айыппұлы бар 47 жастағы көлік жүргізушісі туралы хабарлама алған.

"27 миллион теңге айыппұлы бар Toyota Camry 55 автокөлігінің иесі Түркістан қаласының тұрғыны екені анықталды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Тәртіп сақшылары жүргізушіге қарыз және әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу керегін түсіндірді", – делінген полиция хабарламасында.