Бюджет кодексі жобасын бірінші оқылымда қарайды

Палата Спикері Ерлан Қошановтың төра­ғалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәр­тібі нақтыланды.

Бірінші оқылымда депутаттарға Бюджет ко­дексінің жобасын қарау ұсынылады. Сондай-ақ бюджет заңнамасын жетілдіру және «Концессиялар туралы» заңның күші жойылды деп тану туралы түзетулер қаралады. Заң жобалары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатымен әзірленді. Олар неғұрлым тиімді және ашық бюджет жүйесін құруға, бюджет процесіне қатысушылардың өкілеттіктері мен міндеттерін нақтылауға және айқындауға, бюджет рәсімдерін ретке келтіруге бағытталған.

Парламент депутаттарының бастамасын әзірлен­ген жайылымдарды пайдалану туралы заң жобасы екінші оқылымда талқыланады.

Сонымен қатар жалпы отырыстың күн тәртібінде ЕАЭО туралы шартқа электрондық нысанда қыз­меттер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы бар.

Депутаттар сондай-ақ кәсіподақтар туралы жаңа заң жобасын, ҚХР, ТМД және ЕАЭО аясында бірқатар халықаралық шарттарды ратификациялау туралы құжаттарды жұмысқа қабылдайды.