Жаңа ауруханада МРТ аппаратымен бірге, цифрлық рентген, соңғы үлгідегі УДЗ аппараты, ота жасауға арналған лапороскопиялық қондырғылар бар. Сондай-ақ барлық палата көпфункционалды кереуетпен жабдықталған. Осылайша, аудан тұрғындары енді 300 шақырым қашықтықтағы облыс орталығына бармай-ақ қажетті тексеруден өтіп, ота да жасата алады.
Орталық аурухана ғимараты 55 орындық негізгі корпус, 10 орындық балалар бөлімшесі, 10 орындық инфекциялық бөлімшеден тұрады. Сонымен қатар асхана ғимараты, 3 автокөлікке арналған гараж, трансформаторлық қосалқы станса, бақылау-өткізу пункті, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату ғимараты, қоқыс жинағыш, құрылысқа арналған дизельді электр стансалар, ауызсуға арналған резервуар, автотұрақ қарастырылған.
Жаңа аурухана барлық санитарлық ереже мен талапқа сай заманауи үлгіде салынды.
Б.ЖАНҰЗАҚ