Партиялық фракция істің ілгері басуына жәрдемші

«AMANAT» партиясы мемлекеттік басқару жүйесіндегі елеулі өз­ге­рістерді қолдай отырып, оның ашық, түсінікті әрі қоғамдық ба­қы­лауда болуын басымдық етіп белгіледі.

Партияның шын мәніндегі мем­лекет мүддесіне адал және қоғам игілігіне қызмет ететін ық­палды саяси күш ретіндегі мәртебесін қалыптастыруға партияның әр­бір мүшесі, әрбір құрылымы жұмылдырылды.

Партиялық ықпал етудің маңызды әрі беделді тетіктерінің бірі – мемлекеттік өкілді органдардағы партиялық фрак­ция­ның әлеуеті. Халықтың мемлекеттік бас­қарудағы сенімді өкілі болып табы­ла­тын депутаттар партиялық фракцияға бірі­ге отырып, осы саяси ұйымның тұ­ғыр­намасында, бағдарламасында, жоба-жоспарларында белгілеген міндеттердің еліміздің барлық аймағында нақ­тылы іске асырылуына жәрдемдеседі.

«AMANAT» партиясы Түркістан об­лыс­тық филиалы облыстық мәсли­хат­тағы, 17 аудан мен қаланың мәсли­хат­тарын­дағы партиялық фракциялардың жұмысын үйлестіріп, билік пен қоғам ара­сындағы ықпалдастықты арттыруға үле­сін қосып келеді. Облыстағы өкілді мемлекеттік органдар – мәслихаттар құра­мында барлығы 268 депутаттан құрал­ған партиялық фракциялар жұмыс жүргізеді. Оның ішінде Түркістан об­лы­сы мәслихатының 34 депутаты облыстық дең­гейдегі партиялық фракцияны құ­рай­ды.

Партияның Түркістан облыстық фи­лиа­лының төрағасы, облыстық мәс­ли­ха­т депутаты Алтынсары  Үмбетә­лиев­тің жетекшілігіндегі партиялық фрак­ция мәжілістерінде партияның сай­лауалды бағдарламасында қамтылған мін­деттердің іске асырылуы тұрақты қа­ра­лып, басымдықтарды орындауға жауап­ты жергілікті атқарушы орган­дар­дың есебі тыңдалды. Сондай-ақ фрак­ция­лық отырыстарда елді мекендерді ағын сумен қамту мәселесі, ауыл шаруа­шы­лығы құрылымдары мен диқандарға қарас­тырылған мемлекеттік қолдау ауыл-аймақтарды табиғи газ жүйе­леріне қосу, «Жер аманаты» жоба­сы­ның іске асырылуы, «Ауыл аманаты» бойын­ша ауыл тұрғындарының кәсіп­керлік бастамаларына қолдау көрсету, елді мекендерде денсаулық сақтау, білім беру, спорт нысандарының құрылысы, ауыл­дарда интернет сапасын арттыру сынды халық сұранысы артқан салалар бойынша жауапты мемлекеттік орган­дар­дың атқарып жатқан жұмыстары тың­далды. Берілген ұсыныстардың орын­­далуы депутаттардың тұрақты ба­қы­лауына алынды.

Аудан, қалалар мәслихаттарындағы пар­тиялық фракция отырыстарында де­пу­таттар өздері сайлауға түскен аумақ­тар бойынша өзекті мәселелерді тізбек­теп, олардың оңтайлы шешім табуында жер­гілікті әкімдіктердің даму бағдарла­ма­­ларына тиісті түзетулер енгізілді. Тиіс­­ті аумақтың бюджеттік кірістер кө­ле­­мін ұлғайтуда депутаттар ішкі ре­зерв­тер­ді талдап-таразылауда жергілікті әкім­діктердің жауапты құрылымдары бойын­ша тыңдаулар өткізіп, қосымша кіріс көздерінің есепке алынуына ұйыт­қы болды. Сонымен қатар аудан, қала де­пу­таттары жергілікті жерлердегі әлеу­меттік маңызы бар нысандар құры­лыс­та­­рының уақытылы жүргізілуін, елді ме­кендерде ішкі жолдардың жөнделуін, ауыл-аймақтарға ауызсу, газ жүйелерінің тар­тылуын, электр желілерінің жаңар­тылуын, экологиялық саясаттың тиімді іске асырылуын, мәдениет және спорт ұйым­дарының қалыпты қызмет етуін ба­қылауда ұстап, туындаған мәселелер бойынша жедел іс-қимыл жүргізілуін үй­лестірді.

Айта кету керек, биыл облыстық, ау­дан­дық және қалалық деңгейлерде пар­тиялық фракциялардың 103 отырысы өт­кізіліп, партияның сайлауалды бағ­дар­ла­масын іске асыру жөніндегі Жол кар­та­сының тармақтары бойынша 57 мә­се­ле қаралды. Осы кезеңде сайлаушылардан келіп түскен мәслихат депутаттарының ба­қылауындағы 1 748 өтініштің 97 пайы­зы, яғни, 1 704 өтініш қолдау тауып, орын­­­далған, қалған 44 мәселенің орындалуы депутаттардың және партиялық құры­лым­дардың бақылауына алынған.

Назгүл НАЗАРБЕК, 

Түркістан облысы