Берел, Шілікті, Елеке сазы қорғандарынан табылған 25 мыңнан астам алтын бұйым сақ дәуіріндегі бабаларымыздың зергерлік және қолөнер шеберлігін айшықтайды. Әсіресе, Зейнолла Самашев бастаған археологиялық қазба жұмыстары кезінде былтыр табылған Елеке сазының «Алтын адамына» тиесілі бұйымдар, ғалымдар мен келушілердің асқан қызығушылығын тудырды. Осы шара аясында сондай-ақ ғалымның «Көне түркі бейнелеу өнері» кітабы түрік тілінде жарық көрді. Анадолы өркениеттер музейіндегі ерекше көрме тегін, әрі қаңтар айының соңына дейін жалғасады.