Бейнежазбаға қарағанда, блогер супермаркеттегі еден жуатын апайға жаңа жылға орай ерекше сыйлық жасаған, алайда алдымен сыйлықтың ақшасын төлеу қажеттігін айтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сасқалақтаған апай дәретханаға барып келуі керек екенін жеткізіп, кетуге асығады.
Осы кезде блогер мұның бәрін тосынсый екенін жеткізеді.
Желі қолданушыларының бәрі жантебірентер көрініске риза болды.
"Жаным, тәте шошып кетті", "Ақкөңіл екен, олай қорқыта бермеңдерші", "Ақкөңіл қазағым-ай", "Мың рет көрген шығармын", "Ақкөңіл қазақ қыздары", "Жаңа жылға керемет сыйлық", – дейді олар.