Анам көріп шок болды: Дина Төреәлі жиенін қырқынан шығару тойы туралы жазды

Фариза Төреәлі мен жары Дархан ет жақын ағайындарының басын қосып, ұлдарын қырқынан шығарған.

Танымал блогер, кәсіпкер Дина Төреәлі әпкесі Фариза Төреәлінің баласы - жиенінің қырқына шығару рәсіміне не апарғанын көрсетіп, мақтанды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның сөзіне қарағанда, екі жақтың сый-сыяпаты құдалық тойдан кем түспеген.

“Ойламаған жерден жезденің анасы сыйлықты үйіп тастады. Анамның білегіне қымбат білезік салды. Анам көріп шок болды. Төртеуімізге бір тойдың ақшасына сыйлық алыпты. Көңілі кең сондай. Осы ниетіңізге үйіп-төгіп берсін”, – деп алғыс жаудырды. 

Блогердің айтуынша, көптен қолы жетпей жүрген жүзікті де құдағиы сыйлаған. 

“Алғым кеп жүрген сақинаны құдағиым тағып тұр. Қатты қуанып кеттім. Әпкем мен жездем ата-аналарына Дубайға жолдама сыйлады. Құдды бір құдалық сияқты өтті. Екі жақтың қоржын ашу рәсімі өтті”, – деп мақтанды блогер. 

Сондай-ақ оқырмандарына да үндеу жолдады.

“Ішімнің размерін өлшеп, салмағымды сөз етіп, ұл немесе қыз екенін зерттеп, қанша апта болғанымды талқылап болсаңыздар, жұмысқа кірісейік. Уақыты келгенде бәрін жасырмай айтамын”, – деп жазды.