Қазақстандық ауыр атлет, Олимпиада чемпионы Илья Ильинге операция жасалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Қазақстандық ауыр атлет, Олимпиада чемпионы Илья Ильинге тізе буынының жарақатынан кейін академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығында сәтті операция жасалды", – делінген ведомство хабарламасында.
Емдеуге жатқызылғаннан кейін бірден зерттеп-қараудан өтіп, келесі күні оған операция жасалған. Артроскопия және спорттық жарақат бөлімінің травматолог-ортопед дәрігері Нұржан Мұхамеджанұлы Асанов спортшының денсаулығын тез әрі тиімді қалпына келтіруге бағытталған операцияны сәтті өткізді.
"Менің көңіл күйім өте жақсы, емдеу штаттық режимде өтті. Өзімнің емдеуші дәрігерім Нұржан Асановқа алғысымды білдіремін, ол өз ісінің нағыз маманы. Көптеген кәсіби спортшы академик Н.Батпенов атындағы ҰҒТОО емделеді және сауығып кетті, қазақстандық травматолог-ортопедтер ең үздік, олар спорттың не екенін біледі, спортшыларды аяғына қалай дұрыс қою керектігін біледі", – деп дәрігерлерге Илья Ильин алғысын білдірді.
Қазір Ильянің жағдайы жақсы және оңалту курсынан өтіп жатыр.