Роскосмос келесі жылы Байқоңырдан қанша зымыран ұшырады?

Ресей «Союз МС-26» басқарылатын ғарыш кемесін Байқоңыр ғарыш айлағына жіберді.

«Байқоңыр» ғарыш айлағында Роскосмостың биылғы ұшыру жоспары аяқталса да, келер жылдың жұмыстары жалғасуда,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Роскосмостың жазғанындай, «Байқоңыр» ғарыш айлағы 254-учаскесінің монтаждау-сынау корпусында «Прогресс МС-26» жүк кемесін дайындау жұмыстары жүріп жатыр.

Ғарыштық жүк көлігі Халықаралық ғарыш стансасына 2024 жылғы 15 ақпанда ұшырылады деп жоспарланған.

"Сондай-ақ С.П.Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы бақылау-зауыттық сынақтардан кейін «Союз МС-26» басқарылатын ғарыш кемесін Байқоңыр ғарыш айлағына жіберді. Оның ұшырылуы 2024 жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Кеме ғарыш айлағына пойызбен жеткізілмек",  делінген ақпаратта.