Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жұма күні автобус қағып кеткен науқастардың жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, 50 жастағы науқас 24 желтоқсан күні жансақтау бөлімінен көпжарақат бөлімшесіне ауыстырылды.
«Жағдайы ауыр деп бағаланады, дегенмен оң динамика байқалады, шок жағдайы жеңілдетілді. Науқастың көптеген сынығы бар», – деп хабарлады ведомстводан.
Ал, автобус жүргізушісі 36 жастағы әйел ми жарақаты, беттің жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозымен нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты. Консервативті ем алуда.
«55 жастағы ер адамға ми жарақаты, мидың жеңіл шайқалуы диагнозы қойылды. Нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Онда желке аймағының жұмсақ тіндерінің, бастың жұмсақ тіндерінің көгерген жарасы және мойынның байлам аппаратының созылуына ем жүргізіліп жатыр. Жағдайы тұрақты. Барлық науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі», – деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасынан.