«Қазгидромет» РМК 26-28 желтоқсан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Циклон әсері Қазақстанның бүкіл аумағында сақталады.
Осыған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.
Бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-28 м/с дейін күшейеді.
26 желтоқсанда солтүстік облыстарда жел екпіні 30 м/с асады.
Ауа температурасында күрт өзгеріс болмайды.