2023 жылдың 22 желтоқсанында Абай университетінде Еуропалық Одақ қаржыландыратын Erasmus+ бағдарламасының Ақпарат күні өтті.
Қазақстанның 100-ден астам жоғары оқу орнының басын қосқан іс-шара жоғары білімді дамытудың озық және тиімді бастамаларын енгізуде отандық университеттердің әлеуетін нығайтуға арналған Erasmus+ жобалары аясында тәжірибе алмасу және өзара әрекеттестік орнату алаңына айналды.
Іс-шара бағдарламасы жоғары білім беру әлеуетін арттыру жобаларына, Жан Моне бағдарламаларына, халықаралық несиелік ұтқырлыққа және Erasmus Mundus Joint Master ' s бірлескен магистрлік бағдарламаларына арналған үш параллель сессияны қамтыды. Сондай-ақ, жоғары білім беруді реформалау бойынша Ұлттық сарапшылар тобының семинары өтті.
Бұл іс-шара білім мен тәжірибе алмасуға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанның заманауи және тиімді білім беру нысандарына деген ұмтылысын көрсетіп, елдегі жоғары білімді дамытудың жаңа перспективаларын ашады.